Футболдан Еуропа чемпионаты 1976 (финал) — 1976 жылғы Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық матчы. 1976 жылы 20 маусымда Белградтағы "Црвена Звезда" стадионында Чехословакия құрамасы ГФР футболшыларын пенальтилер арқылы 5:3 есебімен ұтты. Негізгі және қосымша уақыт 2:2 есебімен тең аяқталған болатын.
Пенальтилер сериясында соңғы соққыны чехословакиялық Антонин Паненка тепті. Оның соққысы тіпті жұмсақ болды, аяқтың алқымымен көтеріп қана ата салды. Қақпашы Зепп Майер орнында қалғанда қиындықсыз қайтарар еді, бірақ ол сол бұрышқа атылды да, траекториямен баяу қалықтап ұшқан доп бос қалған қақ ортадан барып торға түсті. Кейін көпшілік пенальтиден дәл осы әдіспен соғылған голды "Паненка стиліндегі пенальти" деп атайтын болды.
|
---|
| Турнирлер | |
---|
| Финалдар | |
---|
| Командалар құрамы | |
---|
| Іріктеу турнирі | |
---|
| |
|